Шымкент: Перзентхана маңындағы жарылыстан жақын маңдағы пәтерлер мен 7 автокөлікке зақым келген

21 мамыр, 16:46

Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, жарылыстан аумағы 360 шаршы метр болатын екі қабатты ауруханааралық №138 дәріхана ғимаратының 130 шаршы метрі қираған. 55 шаршы метр аумақ өртенген. Төтеншеліктер ер адамның денесін сол жерден тапқан.

- Қатты жарылыстан жақын маңдағы бес қабатты үйде балкон мен терезесіне зақым келген жағдайлар тіркелді. Одан бөлек 7 жеңіл автокөлікке зақым келді, деп хабарлайды ТЖД баспасөз хатшысы.