Қазақстан ұлттық Олимпиада комитетінің Olympic.kz сайтында спорттық премия бойынша үздіктерді анықтауға арналған дауыс беру 3 желтоқсан сағат 23.59-да тоқтатылды. Әзірге жеңімпаз ресми түрде жария етілмегенімен Facebook желісінде шымкенттіктер бір-бірін құттықтап жатыр, деп xабарлайды Elitar.kz тілшісі.
Бұл спорттық премияны ҰОК-нің ұйымдастырып отырғанына биыл төртінші жыл. Соңғы екі жылдан бері жеңімпазды жанкүйерлердің өзі анықтайды. Тоғыз номинация бойынша дауыс беру комитеттің ресми сайтында жүргізіліп келеді. Біздің дереккөзіміз бойынша Шымкент жылдың "Ең үздік спорттық өңірі" атанып отыр.