Шымкентте Дүниежүзілік жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күні өтті, деп хабарлайды Elitar.kz.
Аталған шара қалалық Полиция департаментінің ұйымдастыруымен жүзеге асты. Шарада жол-патрульдік полиция қызметкерлері көлік тізгіндеген қала тұрғындары мен қонақтарға көлік апатының себептерін түсіндірді. Сонымен қатар қалада көпшіліктің назарын аудару мақсатында тәртіп сақшыларының қызметтік көлігімен басталған кортеж жүріп өтті. Және де аспанға шарлар ұшырылды.
Еске сала кетсек, 2005 жылдың қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес қараша айының үшінші жексенбісі Дүниежүзілік жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. Әлем бойынша жылына көлік апаты салдарынан үш мыңнан астам қаза тауып, жүз мыңға жуық жан ауыр жарақат алады екен.
ФОТО: Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі