Бүгін Шымкент қаласы Ақпарттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында Шымкент қаласы бойынша Қоғамдық штаб төрағасы Еркін Сатқанбаев пен Шымкент қаласы бойынша Қоғамдық штаб мүшесі Нүргүл Қобланова Қазақстан Республикасының Конститутциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум бойынша баспасөз брифингін берді.
«Біз – Қазақстанның азаматтық қоғамының белсенді өкілдері, референдумды қоғамдық қолдаудың қалалық штабына топтастық. Біздің қатарымыз қаламыздың ірі үкіметтік емес ұйымдары өкілдерін, ғалымдарды, блогерлер мен журналистерді, жастар мен ардагерлер қауымдастығын, этномәдени орталықтардың жетекшілерін біріктіреді. Штабымыз құрылды, жұмысшы топ конституциялық өзгерістердің бағыттарын халықтың қарауына ұсынылған мәтінде келісім беру, зерделеу, дауыс беруіне мүмкіндігінше қолдау жасаймыз»-деді, спикер өз сөзінде.