«Қаңтар оқиғасы» кезінде Шымкенттегі ірі сауда үйінен шоколад ұрлаған төрт жігітке бүгін сот үкімі шықты. Қаратау аудандық сотының судьясы 3 жылға бас бостандығын шектеу туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, олар 100 сағат аула сыпыратын болады.
"Далаға шықсақ уже адамдар келе жатыр дейді. Қолдарында пакеттері бар дейді. Метрода бәрі тонап жатыр дегесін олар да барып, осы қылмысты жасаған. Сұраймыз ғой "Не, үйлеріңде продукты жоқ па? Неге бұлай алдыңдар десек, жастықпен істеп қойдық,- дейді"