Шымкент: суицид жасаған Полиция департаменті баспасөз хатшысының үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

06 сәуір, 18:25

Бұл ақпаратты Шымкент қаласының Полиция департаменті Facebook-тегі ресми парақшасында жариялады.

«Жедел басқару орталығы қызметкерінің басшы тарапынан болған қорлау туралы арызына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында олардың арасында туындаған жанжал ҚР ҚК 131-бабы "қорлау" бойынша екені анықталды. Осыған сәйкес ҚР ҚПК-нің 35-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды.
Өз кезегінде қызметкерге азаматтық тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар екендігі түсіндірілді» - делінген ресми ақпаратта.
Сондай-ақ, Полиция департаменті баспасөз қызметі басшысының суицидке бару жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары Қаратау АПБ-дан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жолданғаны жазылған жазбада.