25 ақпан, 15:42
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті «Свой дом» қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу органы еліміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғындарымен «Свой дом» инвестициялық бағдарламасы бойынша төленген сомадан 7 күн ішінде 40%-ға дейін пайда табу шартымен келісім жасасқан күдіктіні анықтаған.
Агенттіктегілер қаржы пирамидаларын құру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікті көздейтінін ескертеді. Бұл бап бойынша қылмысы дәлелденгендердің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Свой дом» қаржы пирамидасының құрбанына айналған азаматтарға Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне немесе 8(7252) 77-14-48, 8-700-690-52-39 телефонына хабарласуды сұраймыз, делінген баспасөз хабарламасында.