Шымкент: ер кісі бұрынғы әйелінің үйіне ұрлыққа түскен

31 мамыр, 12:26

Пәтерге жасырын кірген 45 жастағы ер адам бұрынғы әйелінің құны 50 мың теңге тұратын алтын жүзігі мен 30 мың теңге тұратын 4 дана газ баллондарын ұрлап кеткен. Ұрының алыстан келмегенін әйелдің арызы бойынша жұмыс істеген полицейлер дер кезінде анықтады.
«45 жастағы азамат қала аумағынан ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл бапқа сәйкес қылмысты жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінде мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.