Шымкентік оқушы шетелдік 8 ЖОО-на шақырылды

26 сәуір, 09:02

Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Арайлым Әзімхан әлемнің 8 ЖОО-на оқуға түсуге шақырту алды.

Арайлымды Англиядағы Queen Mary, Brsitol, Kingston, АҚШ-тағы New York Institute of Technology және The New School, Италиядағы John Cabo, Австралиядағы Monash және Франциядағы American University of Paris оқу орындары өздеріне шақырды.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы мектепте оқыған жылдары мен рухани және академиялық шыңдарға қол жеткіздім. Мені әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарына шақырғанына қуаныштымын. Мен және менің отбасым үшін бұл, әрине, жақсы жаңалық. Мен НЗМ ФМН түлегі екенімді мақтан тұтамын",- дейді Арайлым.

Арайлым Әзімхан өзі туралы және өз мектебі туралы әңгімелейтін бейнеролик дайындады. Түлектердің айтуынша, оның шығармашылығын шет елдіктер де бағалаған.

Ал Арайлым 8 университеттің қайсысын таңдалатынын әлі анықтаған жоқ. Бірақ оның болашақ мамандығы маркетингпен, менеджментпен және бизнеспен байланысты болатыны анық.

Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әлемнің үздік ЖОО-ларынан шақырту алу үшін Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі арнайы тест тапсырмаларын орындады. SAT Reasoning емтиханының нәтижесі бойынша ол 1280 ұпай жинады, ал IELTS орташа балы 7.