Шымкентік отбасы жабайы жапалақты аман алып қалды (фото, видео)

27 қараша, 18:00

Жаңа жыл қарсаңында адамдар таңғажайыпға сеніп, мейірімділіктен үміт күтетіні белгілі. Сол секілді Куланиндер отбасы да нағыз қайырымдылық жасап, кішкентай жапалақты өлімнен сақтап қалды, деп жазады Elitar.kz тілшісі.

Қала тұрғындары жаралы құсты Жеңіс саябағының жанынан тауып алады. Ары қарай құс өсірушілермен байланысып, емдеу жолдарын сұрапты. Жапалақ үй құсы болмағанымен, енді оны еркіндікке жіберудің реті жоқ. Үй иелері Тефтелька деп атап кеткен жабайы құс қаланың қақ ортасында өмір сүре алмайды, оның үстіне, Куланиндер отбасы жасаған жағдайдан кейін құстың өзі де кеткісі келмейтін де шығар. Үй иесі Александра жылы ас бөлмесіне орналастырған бұта жер енді жапалақтың ұясына айналды.

– Мен Тефтелькаға арнайы таракан, шыбындарды беремін. Бір күні шегіртке ұстап беріп едім, құсым қатты қуанды. Өзі күні бойы ұйықтайды, ал түнде үйдің ішінде қыдырыстап жүреді. Дәрігерлер мен құс өсірушілерден сұрағанымызда, олар жапалақты енді табиғатқа жіберуге болмайды деп айтты. Сүйкімді құсқа өзіміз де қуаныштымыз. Балалар оны тамақтандырады, күтіп қарайды, - дейді Саша.
Сегіз жасар Ника мен 5 жасар Долорес үшін Тефтелька нағыз сүйіктілеріне айналды. Өздері жас болса да құсқа жауапкершілікпен қарап жүр. Үнемі ұстай бермей, тек тамақтандырар кезде ғана қолдарына алады. Джоан Роулингтің кітабы бойынша түсірілген фильмдерді сүйіп көретін Ник енді өзінде де Гарри Поттердегі секілді хат тасушы құстың болғанын нағыз сәттілік санайды. Бұл жапалақ кинодағы секілді сиқырлы хат әкелмесе де өзінің асыраушыларына талай қызықты сәттерді сыйлаған.

– Ол өте ұқыпты, қандай да бір затқа отырса да құлатпайды. Өзі өте мейірімді және адамды шұқымайды. Осындай құсымның болғанына өте қуаныштымын, - дейді жасөспірім.
Тефтелькадан бөлек бұл үйде той-терьер Василиса мен кішкентай кесіртке Гоша бар. Барлығына бірдей қарайтын иелері жануарлардың бір-бірімен бетпе-бет келмеуін бақылайды.
– Бізде түрлі құстар да, тасбақалар да болды. Қазір ауламызда мәскеулік қарауыл тұқымдас ит бар, ал бұған дейін жарқанатты емдеп шықтық. Балаларымызға жастайынан жануарларға қамқорлықпен қарауды үйретіп келеміз. Жаралы жапалақты бір ай бойы емдедік, құстың енді жарақаттанбауын қадағалаймыз, - дейді отағасы Игорь Куланин.
Әзірге құсқа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ал Куланиндер өз отбасындағы таңғажайып оқиғалар мұнымен аяқталмас деп сенеді. Себебі, әркім өзіне үйренгендер үшін жауапты.