Шымкентте Happy land басқа жерден салынатын болды

17 мамыр, 18:47

Михайловка су қоймасы аумағында тұрғызу жоспарланған Happy land отбасылық ойын-сауық кешені басқа жерде салынатын болды, деп хабарлайды Elitar.kz "Shymkent"ӘКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттегі Happy land отбасылық ойын-сауық кешенін Непалдық ірі бизнесмен инвестициялайды.

Chaudhary group халықаралық холдингінің негізін қалаушы доктор Бинод Чаудхари Шымкентте Happy land отбасылық ойын-сауық кешеніне инвестиция салуға дайын.
Бүгін 12-ші Астана экономикалық форумында оның компаниясы, қала әкімінің орынбасары Данат Жумин, "Shymkent "ӘКК" АҚ Басқарма Төрағасы Рашид Аюпов пен "Kazakh invest" АҚ арасында ынтымақтастық туралы төрт жақты меморандумға қол қойылды. Компания 60 млн доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр.
"Happyland" - аквапарк, SPA & Resort қонақ үй, аттракциондар паркі, жабық ойын-сауық орталығы, табиғат паркі және гольф-клуб секілді алты сегменттен тұратын ең ірі заманауи, отбасылық ойын-сауық кластері болып табылады.
Осы жобаны жүзеге асыру үшін "Shymkent" ӘКК тарапынан таштракт ауданында учаске бөлінеді", - деді ӘКК басқарма төрағасы Рашид Аюпов
Жобаның жалпы құны: 20 625 000 000 теңге.