Шымкенттік намазхан жігіт науқас досына бауырын берді

24 қаңтар, 19:30

​Дәрігерлер отаны 15 сағат бойы жасады, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Шымкенттегі №1 клиникалық аурухана базасында 145-ші транспланталогиялық операция сәтті өтті. Операция кезінде хирургтар алдымен 26 жастағы азаматтың бауырының бір бөлігін алып, 33 жастағы науқасқа салып берді.

Досына бауырын берген жас жігіттің жағдайы жақсарып, үйіне шығарылған. Ал екінші пациент ауруханада ем қабылдап жатыр. Бауыр алмастырған қос пациенттің де жағдайы жақсы дейді ақ халаттылар.

Айта кетейік, Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасында трансплантациялық қызмет қарқынды түрде дамып келеді. Мұнда үш жыл ішінде 135 бүйрек пен 20 бауыр алмастыру операциясы жасалды.

Аурухананың материалдық-техникалық жабдықталуы мен ағзадағы органдарды ауыстыру жағынан тәжірибесі мол және қажетті мамандармен толық қамтамасыз етілген орталық. Аталған ауруханада HLA-лабораториясы белсенді жұмыс істеуде.