Шымкентте 1 жасар бала бассейінге құлап, суға батып кетті

15 шілде, 13:06

Қайғылы жағдай 14-шілде күні сағат 22.00-де Абай ауданы, Қызылжар шағын ауданында тіркелді. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, Бершінтөбе көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласындағы бассейнге 2021 жылу туған ұл бала құлап, суға батып кеткен. Алдын ала болжам бойынша бала қараусыз қалған, ата-анасы қасында болмаған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.