18 қаңтар, 15:55
Топтық зорлау оқиғасы Шымкентте болған. Бұл туралы 20 жастағы жәбірленуші қыздың адвокаты Айман Омарова өзінің Facebook парақшасы арқылы видеомәлімдеме жасады.
«Менде қызды бір топ адамның зорлауына қатысты іс бар. Зорлық жасаған жігіттер қазір қашып жүр. Шымкент қалалық Абай аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері, менің ойымша, оларды іздестіріп жатқан жоқ. Оларды ұстау оңай болатын. Олар екі тарапты татуластыру мүмкіндігін ұсынуда. Бірақ, топтық зорлау оқиғасында қандай татуласу болуы мүмкін? Ал зорлағандар қазір «Егер жәбірленуші тарап бізді кешірмесе, біз қызды қарғаймыз» деген қауесет таратып жүр. Бұл бір шектен шығу ғой», - деді Айман Омарова.