Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Шымкентте 53 автокөлікті заңсыз тіркеудің жолы кесілді. Арнайы операцияның нәтижелері бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері Шымкент қаласындағы жақын шетелден кедендік төлемдерді, кәдеге жарату алымын және мемлекеттік бажды төлемей әкелінген көлік құралдарын Қазақстан Республикасында заңсыз есепке қою схемасының жолын кесті.