Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында өз үйінде ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған 1965 жылы туылған жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру барысында аталған азамат есірткі заттарын 90 дана полиэтиленді пакеттерге бөлшектеп салып, құрылыс шелектеріне жасырғаны анықталып, тәркіленіп алынды.