Шымкентте 59 жастағы әйел аялдама жанындағы шұңқырға түсіп кетті

07 қазан, 12:38

Шымкентте Нұрсат шағынауданындағы №80 мектеп жанындағы аялдамада орта жастағы әйел шұңқырға түсіп кетті. Бұл туралы «112» құтқару қызметіне хабарлама келіп түскен.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына жедел-құтқару жасақтың құтқаршылары барған. 59 жастағы тұрғынның аяғы бетонның арасына қыстырылып қалғаны анықталған.

«Құтқарушылар «Holmatra» арнайы авариялық-гидравликалық құтқару құралдарын пайдаланып, бетонды бұзып, зардап шеккеннің аяғын босатты. Оқиға орнына жетіп келген жедел жәрдем қызметкерлері қажетті медициналық көмек көрсетті» делінген ведомство мәліметінде.