Алименттен қарыз әкелердің ісі полицияға, деп xабарлайды Elitar.kz тілшісі.
Әділет департаментінің өкілдері алиментке қатысты арыз-шағымдардың жыл санап емес, күн санап артып отырғанына алаңдайді. Қазір Шымкентте осы санаттағы істердің 7 мыңнан астамы сот орындаушылардың өндірісінде жатыр. Оның 3 мыңға жуығы проблемалық санаттарға жатқызылған. Бұл туралы Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2018 жылы атқарған жұмыстары қорытылған брифингте мәлім болды. Әділет органы өкілдерінің айтуынша былтыр құзырлыларға келіп түскен арыз-шағымдардың 20 пайызы балаларының алдында борыныш өтей алмай жүрген әкелерге қатысты болған екен. Заң саласының мамандары борышкер әкелерге қатысты заң талаптарының жылдан-жылға қатаңданып келе жатқанына қарамастан тиісті төлемдерді өндіруде қиындықтар көп дейді. Мәселен, заңнамаларға енгізілген соңғы өзгерістерге сай 3 айдан көп уақыт алимент төлемеген әке қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Әділет саласының қызметкерлері түрлі себептерге байланысты алименттен жалтарып жүрген 263 әкенің ісін ішкі істер органдарына тапсырған.
Автор: Мақпал Рысбаев