Шымкентте 7 орында көмір сатылуда

29 қыркүйек, 12:28

Қазіргі таңда Шымкент қаласында көмірге қажеттілік 66 мың тоннаны құрауда. Алайда, жақын маңда орналасқан елдімекендердің де қысқы отынды қаламыздан келіп алуын ескерген жөн. Осы кезге дейін шаһарға 116,1 мың тонна көмір тасымалданды. Қоймаларда 25 мың тонна көмір бар.


1 тонна көмірдің бағасы 14 750 - 15 100 теңге аралығында сатылымда екенін хабарлаймыз!

Құрметті қала халқы!

Қыс - қыр астында. Қыркүйек айының соңы да таяп қалды. Осы сәттен бастап, жылыту маусымына қамданыңыздар.


Күн суығанда азаматтардың көмірді жаппай сатып алуы көбейеді. Кезекке тұрып, күнұзақ күтіп қалуыңыз бек мүмкін. Мұндай жағдай орын алмауы үшін осы сәттен бастап тұрғындарды көмір алуға шақырамыз.


Шымкенттіктер биыл көмірді 7 жерден сатып ала алады.

1. ЖК «Пернебаев» - Қызылсай темір жол станциясы

2. ЖК «Құралбаев» - Қызылсай темір жол станциясы

3. «Азамат Мұнай» ЖШС - Қойкелді батыр көшесі, номерсіз

4. ЖК «AVZ-NRADE» - Сайрам тұрғын алабы, Яссауи көшесі, 650

5. ЖК «Arganat» - Клара-Цеткина көшесі, 159

6. «VIP-M» ЖШС - Қойкелді батыр көшесі, номерсіз

7. ЖК «Қошжанов» - Момынов көшесі, 26

Байланыс нөмірлері:

54-96-54

8775 833 31 38 (Әл-Фараби ауданы)

53-03-20

87071638292 (Абай ауданы)

43-31-09

8702 670 33 00 (Еңбекші ауданы)

77-46-18

8771 828 40 74 (Қаратау ауданы)

Айта кетейік, үшінші мегаполисте көппәтерлі тұрғын үйлердің жылу беру маусымына дайындығы қатар тексерілуде. Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының деректеріне сәйкес, барлық 18 қалалық муниципалды қазандық толығымен дайын, қаладағы көмір қоры жеткілікті.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов жылыту маусымына дайындық барысына жауапты комиссиялық топқа әрбір көппәтерлі тұрғын үйді тексеруді тапсырды.

Құтқарушылар газ қызметкерлерімен бірге жергілікті тұрғындардың үйлерін аралап, газ дабылдарын орнату және бүкіл жылу жүйесін тазарту туралы хабарлайды.

Қысқы маусымға дайындық барысында қаланы санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгеріміндегі аллеялар, скверлер, саябақтар және басқа да демалыс аймақтары ретке келтіріледі.

"Наурыз, Жайлаукөл, Абай саябақтарында, Шамшы, Нұрсат және Ордабасы скверлерінде саябақтардың ирригациялық жүйелерін тазарту жұмыстары жалғасуда. Сондай - ақ, қала аумағында Басқарма қарамағындағы 37 субұрқақты консервациялау жұмыстары жүргізілді",-деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.