Шымкентте жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағында анасы мен қызын көлік қағып кетті. Оқиға бүгін сағат 9.35 шамасында Төлеметов көшесі бойында болған. Салдарынан 43 жастағы әйел мен оның 16 жастағы қызы оқиға орнында көз жұмды.
Mitsubishi Pajero автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-каналы жазды.