"Өмірде екі дүниені таңдауда жаңылыспаңыз: біріншісі - жар таңдау болса, екіншісі - өзіңіз еңбек ететін мамандық". Десе де, қазір жұртшылық өздерінің сүйген емес, нарықтың сұранысындағы саланы меңгеруге көшкен. Жан қалауын ойлаймын деп төмен жалақы алғысы келмейді немесе жұмыссыздар қатарынан табылғысы жоқ. Қу тіршіліктің қамы үшін жағдайдың жай-жапсарын осылай өзгертуге тура келетінін де жасырмайды. Тіпті жоғарғы оқу орнының қабырғасында оқып, тәмамдаған мамандықты да ысырып тастап, қоғамға қажетті кәсіпті қайта оқып, нәсіп тауып жүрген жандар да жоқ емес. Иә, бұл - заман талабы!
Сіз сұранысты қанағаттандыру үшін қай мамандықты таңдар едіңіз? Немесе жан бағу қамы - жалақы үшін жаныңызға жақын саладан бас тартуға болады ма? Және дәл қазіргі қоғамда ең қажетті мамандар кімдер? Тапшылық қай салада байқалады? Өзекті сауалдарға мардымды жауапты жерлестеріміздің өзінен алуға тырыстық...