Шымкентте бір айлық мөлшердегі жаңбыр бір күнде жауды

10 наурыз, 14:54

9-наурыз күні түс ауа басталып түнге дейін жауған нөсер жауын 1 айлық нормадан асты,- дейді мамандар. Айлық мөлшер 26 мм болса, қалада 1 айлық номадан асыпты.

Мөлшерден тыс жауған жауынның салдарынан қаладағы бірқатар көшелерді су басты.

Дер кезінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жаңбыр суын сору жұмыстары 44 мекен жайда жүргізіліп, қауіптің алды алынды. Мамандар 7 мың текше метрге жуық жауын суы сорылғанын хабалады.

Бұл жұмыстарға 68 бірлік техника мен 35 дана мотопомпа және 200-ден астам төтенше жағдайдың қызметкерлері мен әкімдік және коммуналдық мекеме қызметкерлері жұмылдыр