Шымкенттің 12 жасар тұрғыны Анна Саворовская Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы, генерал-майор Ибрагим Күлшімбаевтың бұйрығына сәйкес «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Төсбелгі табыстау шарасы бүгін Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратында өтті.
Төтенше жағдайлар департаментіндегілер өрт ауа баптағыштың қысқа тұйықталуынан шығып, бөлмедегі тез жанатын үй заттары өртеніп кеткенін хабарлаған болатын.