"Сен жалғыз емессің": Шымкентте бұрын-соңды болмаған жоба іске қосылды

11 ақпан, 17:30

Шымкенттік танымал "Отырар" телеарнасы тарихта болмаған жобаны іске қосты. "Сен жалғыз емессің" деп аталатын жоба арқылы талай отбасының өмірі оңтайлы өзгермек, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Сен жалғыз емессің" - америкалық әйгілі Extreme Makeover: Home Edition форматының үлгісі іспеттес. Ол әлемнің 15 елінде сәтті жүзеге асырылған.

Жаңа жобаға тағдыр тауқыметін тартып, түрлі себептермен баспанасыз қалған шымкенттік отбасылар қатысады.
"Сен жалғыз емессің" аясында бұл жандар аз уақыттың ішінде баспаналы болып, армандарына қол жеткізеді. Қайырымды жандарды біріктірген жоба командасына демеушілермен қоса басты кейіпкерлердің көршілері, таныстары, достары мен жерлестері көмекке келеді. Құрылысқа қазақстандық жұлдыздар да қосылады. Баспананың әр кірпішінен бастап бірге қалап, қиын жағдайға тап болған отбасыларға жаңа үйдің кілтін табыстайды.

Бастысы, сен жалғыз емес екеніңе сенсең болғаны!