Валюта:
  • USD / KZT - 544.87
  • EUR / KZT - 639.02
  • RUB / KZT - 6.88

    Шымкентте чипсы мен газдалған сусын тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

    07 қыркүйек, 10:29

    Шымкентте Ынтымақ шағынауданында жүк көлігі өртеніп кетті. Оқиға кеше кешкі уақытта орын алған.

    «Диспетчерлік қызметтің "101" пультіне 6 қыркүйек сағат 20-58-де Ынтымақ шағынауданында Шымкент-Түркістан автожолында тіркемесі бар "Мерседес-Бенц Актрос" маркалы жүк көлігі жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға Шымкент қаласынан шыққан кезде болған. Өрт 21.38-де ауыздықталып, 21.50-де сөндірілді. Өртті сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды» деп атап өтті қалалық ТЖД.

    Жүк тиелген көлікте азық-түлік, атап айтқанда: чипсы, газдалған сусындар болған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Мамандар қазіргі таңда өрттің шығу себебін анықтап жатыр.