Қарақшы сатушыға күш көрсетіп, кассадағы ақшаны қолды еткен.
Шымкенттегі дүкендердің біріне баса көктеп кіріп, шабуыл жасады деген күдікпен ер азамат қолға түсті, деп хабарлайды Elitar.kz.
Ағымдағы 2 қазанында әлеуметтік желіде қаладағы дүкендердің біріне белгісіз ер азаматтың қарақшылық жасаған сәтінің видеосы тарады. Ер адам сатушыға күш көрсетіп, кассадан ақша алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігімен іс тіркелді. Шымкент қалалық полиция департаменті Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы мен Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шарасының нәтижесінде күдікті Тараз қаласынан ұсталды. Қазіргі таңда бұл қарақшылық оқиғасына қатысты істің сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.