Шымкентте дәмханаға тамақтануға келген 34 жастағы ер кісіні белгісіз біреулер атып кетті. 7 қазан сағат 04:30 шамасында Әл-Фараби аудандық ПБ-на қалалық ауруханаға оқ жарақатымен ер адам жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған жайт ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі 99-бабы “Адам өлтіруге оқталу" бойынша СДТТБТ-не тіркелді. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-каналы жазды.
«Жедел-іздестіру шараларының барысында ВАЗ-21014 автокөлігі анықталып, оның салонында екі қару табылды. Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Іс қалалық прокуратура мен полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды» делінген ІІМ мәліметінде.