Шымкентте Назарбаев зияткерлік мектебінде мұғалім болып істеп жүрген қыз тұрмысқа шыққан күні күйеуінің қолынан қайтыс болған. Бұл туралы қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook парақшасында видео жариялады. Онда педагогтың анасы Мемлекет басшысынан көмек сұрайды. Айтуынша, оқиға 26 маусым күні орын алған. Қызы ауруханада қайтыс болған. Күдікті боп отырған күйеу баласы әлі бостандықта жүр.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 106 бабының 3 бөлігімен СДТБТ-не тіркеуге алынған. Күдікті ретінде 1984 жылы туылған азамат танылып, оған қатысты сырттай «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланған. 11.08.2022 жылы күдіктіге қатысты Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» делінген полиция мәліметінде.