Шымкентте қолдан жасалған 3 мың бөтелке алкогольдік ішімдік тәркіленді

14 маусым, 18:57

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, контрафактілік алкоголь өнімін өндіру бойынша астыртын цех қызметінің жолын кесті.

Тінту кезінде жалпы саны 3 мың бөтелкеге жуық «Родная степь», «Русская на бруньках», «Тау эксклюзив» контрафактілік алкогольдік өнімдер табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ 1000 литр алкоголь, алкогольдік өнімдерді өндіруге арналған аппарат, контрафактілік есепке алу-бақылау маркалары және 20 000-нан астам бос бөтелкелер табылып, тәркіленді.

Сот үкімімен ұсталған азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 531 500 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ведомство өкілдері.