Шымкентте қоймалардың бірінде өрт шықты

19 ақпан, 17:53

Отқа оранған Абай ауданы аумағындағы жекелеген қоймалардың бірі. Тілсіз жау бүгін түскі уақытта тұтанған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жеткенде жалпы ауданы 1 440 шаршы метрді құрайтын бір қабатты қойманың шатыры жанып жатқан. «Доматов Абдулла» ЖК қарасты ғимараттың 700 шаршы метр аумағы өртенген. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, қойма ішінде шаруашылық заттар ( дәретхана қағазы, сіріңке, тәттілер және сіріңке ) болған.

Өрт 14-17 сағатта оқшауланды және 15-35 сағатта толықтай жойылды. Өрттің себептері мен келтірілген материалдық шығынның көлемі анықталуда. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 68 адам және 17 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы, сондай-ақ "ЛТД Тұрмыс"коммуналдық қызметінің қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылды.