Шымкентте перзентхана маңындағы жарылыстан соң күзетшіден бөлек нәресте шетінеген

21 мамыр, 16:55

Бұл ақпаратты Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы таратты. Облыстық перинаталдық орталықтағылардың дерегінше, шетінен нәресте - үшемнің бірі. Салмағы 790 грамм ғана болатын шақалақ 18 күн бұрын ғана жарық дүние есігін ашқан екен.

Жарылыс кезінде ғимаратта 65 қызметкерден бөлек 189 адам болған. Қаза тапқандардан бөлек тағы 8 адамның зардап шеккен.

Ал перинаталдық орталықтан эвокуацияланғандар Рашидов көшесіндегі перзентханаға ауыстырылған. Жарылыс маңындағы көпқабатты үйден де жиырмаға тарта тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілгені айтылуда.