Шымкентте пиццериядағы оқушы қыздың өлімі бойынша күдікті ұсталды

26 қыркүйек, 12:51

15 жасар оқушы қыздың өліміне бойынша жұмыс беруші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ІІМ-нің Telegram-каналы таратқан ақпаратқа сенсек, пиццериядағы жұмысшы қыздың өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 156-бабымен (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық іс аясында күдікті шетелдік азамат, нақтырақ айтқанда пәкістандық болғандықтан, тергеу амалдары біршама уақытты алды.

Парсы тілінің аудармашы-маманының қатысуымен тергеушілер барлық қажетті процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізді.

Электр-техникалық сараптама нәтижелерін алғаннан кейін іс сотқа жолданады.

Еске сала кетейік, шілде айының басында Қаратау аудандық Полиция басқармасына 15 жастағы қыздың ата-анасы хабарласып, ол жұмыс орнында электр тогының соғуынан қайтыс болғаны туралы арызданған.