Шымкентте салық төлеуден жалтарған жекеменшік шектеулі серіктестік басшысына сот үкімі оқылды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 250 млн теңгеге жуық сомаға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактісі бойынша ЖШС басшысына қатысты қылмыстық істі тергеді. Тергеу аяқталып, іс сотқа жолданған.