Сауда орталығында дүниеге келген жаңа туған нәрестеге сәбилер арбасы мен бір жылға жететін жаялық сыйға берілді, деп хабарлайды Elitar.kz.
Еске сала кетсек, жексенбі күні Шымкенттегі сауда орталықтарының бірінде толғағы қысқан 23 жастағы келіншек дәретханада босануға тура келген. Жаңа туған нәрестенің де, оның анасының да жағдайы бірқалыпты.
Жас анаға алғаш болып көмек қолын созған сауда орталықтың қызметкері оқиғаны былайша еске алды:
"Мен кірген кезде сәбидің басы көріне бастады. Бәрі лезде болды, келіншек тез арада босанып, сәбиін қолына алды. Мен оны көре сала дереу жедел жәрдемге хабар бердік. Дегенмен, сәби дәрігерлер келмей тұрып дүниеге келді. Шынын айтқанда мұндай жағдай басымнан бірінші рет болып отыр. Аздап қорықтым",-деді қызметкер Ботагөз Әлихан.
Жас босанған ана тілшілермен сөйлесуден бас тартып, сәбиін де көрсетпеді.