Шымкентте "Сергек" айыппұлдары қашаннан бастап салынатыны белгілі болды

06 ақпан, 11:00

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин Facebook парақшасында жазды.

Қазіргі таңда қаладағы 15 қиылыс құрылғылармен жабдықталған. Желтоқсан-қаңтар айларында жол жүру ережесін бұзудың 5 796 фактісі тіркелген.

"Біз әзірге айыппұл жіберген жоқпыз. Енді осы айдан бастаймыз. Сондықтан көлік жүргізушілерін жол жүру ережелерін сақтауға шақырамыз", - делінген желіде жария етілген жазбада.