Шымкентте үш күн ішінде тұрғылықты жері жоқ 141 қаңғыбас анықталды

24 мамыр, 17:30

Шымкент қаласы аумағында 2019 жылы 21-23 мамыр аралығында «Қаңғыбас» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл күндері полицейлер белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар, қайыршылар және басқа да құқық бұзушылар арасында қылмыстарды алдын алу жұмысын күшейтті, деп хабарлайды Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерімен 322 жертөле үй-жайлары және 203 кәріз люктері, сондай-ақ, белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға орналасуға ықтимал өзге де жерлер тексерілді.

Осылайша өткізілген жедел-профилактикалық іс-шараның үш күн ішінде белгілі тұрғылықты жері жоқ 141 қаңғыбас анықталды. Олар Ішкі істер органдарына есепке қою үшін жеткізілді. Жеткізілгендердің әрқайсысынан саусақ іздері алынып, фото-бейне есебі алынды.

Барлық ұсталғандардың құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың жасалуына қатыстылығы тексерілді. Айта кету керек, қаңғыбастар және қайыршылар қылмыстық мәліметтерде жиі көрінеді, әрі олармен тек ұрлық ғана емес, аса ауыр қылмыстар жасалатынын ұмытпау керек.

«Қаңғыбас» операциясын өткізу барысында қылмыс жасап бой тасалап жүрген жалпы 15 қылмыскер құрықталды. Хабар-ошарсыз жоғалған – 12 азамат табылды және 1 – аты-жөні анықталмаған мәйіттің жеке басы анықталды.