Қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері үш сәби мен анасын бүгін перзентханадан сән-салтанатпен шығарып салды. Айсултан, Алия және София есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты.
«Үшем 24 сәуір күні жүктіліктің 35-ші аптасында жасанды тілік арқылы туылған. Сәбилердің салмақтары 2 000-2 470 грамм, бойлары 40-42 см құрайды. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарған» ,- деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.