Шымкентте өткен тойда атысқандарды тергеу аяқталды

01 ақпан, 15:30

Қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан үш жігіттің екеуі туған бауырлар. Ағалы-ініліге қасақана кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық, заңсыз қару алып жүру, билік өкіліне күш қолдану баптары бойынша айып тағылуда. Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың судьясы Әбинұр Қарабаев сотталушылардың екеуініңі жасы кәмелетке толмағандықтан сот жабық режимде өтетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Еске салсақ, өткен жылдың 15 қараша күні Шымкентте үйлену тойы үстінде жас жігіттер арасында жанжал туындаған. Нәтижесінде қарсы тараптың бірі травматикалық қарудан оқ атқан. Тағы біреуі пышақ жарақатын алған. Оқиға орнына тәртіп сақшылары шақыртылады. Қару кезеніп кикілжіңді күшейткендер "Мазда" көлігіне отырып қаша жөнеледі. Бірақ патрульді полиция көлігімен бетпе-бет келіп, тәртіп сақшыларына қарсылық білдіреді. Дегемен күүдіктілер құрықталды. Жәбірленушілер дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, ем домын алған.