Шымкентте 50 жастағы ер кісі азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан өлтірді. Оқиға кеше, 31 тамыз күні болған. Бұл туралы полицияға күдіктінің өзі хабарласып айтқан.
«Ер адамның өзімен бірге тұратын әйелді қызғанып, оған пышақпен шабуыл жасағаны анықталды. Тәртіп сақшылары "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу жүргізуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда» делінген ақпаратта.