Шымкентте 20 жасар бойжеткен «Telegram» каналындағы парақшалардың бірінде «курьер» ретінде жұмысқа тұрған. Интернет-ботпен хат жазысып, кейін тыйым салынған заттарды тасымалдап, Шымкент қаласы аумағындағы жасырын орындарға қалдырып жүрген. Ол Түркістан облысының тұрғыны болған.
«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты синтетикалық психотпропты мемкатинонның аналогы – мефедрон екендігі анықталып, жалпы салмағы 39,831 граммды құраған. Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, өкінетінін жеткізген. Абай аудандық сотында оған қатысты сот үкімі шықты. Бойжеткен кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды»,-делінген қалалық Полиция департаменті берген мәліметте.