«Түнгі сот» жобасының халық үшін тиімділігі біріншіден, полиция толтыратын әкімшілік хаттама 3 тәулік ішінде сотқа жолданады, екіншіден, әкімшілік істің жұмыстан тыс уақытта қаралып, адамдардың уақытын үнемдейді, үшіншіден, соттың қаулысы ертерек заңды күшіне еніп, жүргізуші куәлігі иесіне дер кезінде қайтарылады, төртіншіден, әкімшілік іс 2 аптаның ішінде қаралып аяқталады.
Шымкент қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылдың 5 айлық мерзімінде атқарылған жұмыстың нәтижесі бойынша кешкі сағат 18.30-дан 22.00-ге дейінгі аралықта 1198 әкімшілік іс қаралған. Ал 2019 жылдың басынан бері 102 іс сотқа жолданған.
Еске салсақ, Шымкент қалалық сотының төрағасы мен Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы «Түнгі сот» пилоттық жобасын іске асыру мақсатында меморандумға қол қойған болатын.
«Түнгі сот» жобасы үш жақты тараптарға да тиімді және істің жедел қаралатыны халыққа, полицияға және сотқа да қолайлы болып отыр. Аталған жоба қарқынды даму үстінде.