​Шымкенттегі мешіттерде жұма сайын жемқорлыққа қарсы насихат жүргізілетін болды

07 желтоқсан, 15:39

Бұл туралы орталық мешітте болған жиында белгілі болды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Аталған жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы, қалалық ішкі саясат жіне дін істері басқармасының өкілі, имамдар, жұма намазға келген жамағат қатысты. Басқосуда жемқорлықтың алдын алуды түсіндіруді бала кезден назарға алу қажеттілігі сөз болды. Бұл ретте отбасының алар орнының ерекшелігі және мешіттерде жүргізілетін насихат жұмыстарының пайдасы орасан екені айтылды.

Ақпарат ретінде айта кетейік, Шымкентте бүгінгі таңда 104 мешіт елге қызмет етуде.

ФОТО: aqmeshit.kz