Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан құрылып жатқан «Жұлдыз» индустриалды аймағына барып, ондағы құрылыс жұмыстарымен танысты.
Индустриалды аймақтың жалпы аумағы 306 гектар жерді алып жатыр. Бүгінгі таңда онда инженерлік инфрақұрылымның құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа индустриалды аймақта машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салалары бойынша кәсіпорындар іске қосылады. Нәтижесінде 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. 200 млрд теңгеден астам қаржыға 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске аспақ. Қазіргі таңда 100 млрд теңге тұратын 17 жобаға жер телімдері бөлінді.

Қала әкімі іске асырылатын әрбір жобамен танысып, өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар тиісті басқарма басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Шаһар басшысы бұдан өзге жақында іске қосылатын «Авангард» зауытының жұмысымен де танысты. Аталған кәсіпорын шыныдан шыны конструкциялар өндіретін болады.

5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба жүзеге асқанда 50 адам жұмыспен қамтылады жеп жоспарлануда. Зауыт шығаратын өнімдер толығымен ішкі нарықты қамтиды. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталған. Құрал-жабдықтар орналастырылуда.
2021-2023 жылдар кезеңінде жалпы сомасы 20 миллиард теңге (51,4 миллион доллар) болатын 20 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға көмектеседі, деп хабарлады Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму департаменті бастығының міндетін атқарушы Береке Дүйсебеков.
Шымкентте индустриялық аймақтар құрылғаннан бері мемлекет бюджетіне 11 миллиард теңге немесе 28,2 миллион доллар түсті. 2019 жылы "Оңтүстік" индустриялық аймағының қатысушылары 1,3 миллиард теңге көлемінде салық төледі. "Тассай" индустриялық аймағының қатысушылары-шамамен 97 миллион теңге.
Айта кетейік, Coca-Cola Içecek түрік компаниясының Қазақстандық бөлімшесінің директоры Мұстафа Белтекин қала әкімі Мұрат Әйтеновпен, "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ сервистік қолдау департаменті директорының орынбасары - мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жөніндегі өкілі Марат Есеновпен және ұлттық компанияның өңірлік өкілі Сағынжан Сырымұлымен кездесті. Кездесу аясында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу жобасы талқыланды.
Өндірістік қуаттылығы жылына 262 млн литр болатын жобаны іске асыру 100-ден астам жұмыс орнын ашады деп жоспарлануда. Зауыт "Жұлдыз" жаңа индустриялық аймағының аумағында салынады.
Кездесуде Мұрат Әйтенов үшінші мегаполистің әлеуеті мен мүмкіндіктері туралы айтып, қалада осы аумақта зауыт ашуға барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
"Биыл біздің қаламызда "Жұлдыз" жаңа индустриялық аймағы ашылуда, оның аумағында Мен сіздерге өз жобаңызды іске асыруды ұсынамын. Бүгінгі кездесу екіжақты ынтымақтастыққа ықпал етіп қана қоймай, Шымкентте жаңа инвестициялық жобаны іске асырудың алғышарты болатынына сенімдімін", - деді мегаполис әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, индустриалды аймақ – бұл өнеркәсіптік аймақ. Оның жанында энергиямен жабдықтау және көлік-кірме жолдар бар. Аумақ өндірістік, логистикалық және жол бойындағы қызмет көрсету кәсіпорындарын салуға арналған.
Индустриалды аймақта әкімшілік, қызмет көрсету және білім беру орталықтары да бар.