Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Мүсілім Арайлым Канаданың Торонто университетінің грант иегері атанды, - деп хабарлайды Elitar.kz.
Әлемнің үздік 30 университетінің қатарындағы Торонто университетінде білім алуға Lester B. Pearson Scholarship жыл сайын 37 үміткерге беріледі.
Оtyrar.lz-тің хабарлауынша, бұл бағдарлама өз мектептерінде жоғары академиялық үлгерімі мен таланттары бар көшбасшы оқушыларды ынталандыру мақсатында тағайындалған. Lester B. Pearson Scholarship иегері атану үшін әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған оқушылар құжаттарын тапсырады. Шәкіртақы мыңдаған үміткерлердің арасында болашақта әлемді өзгерте алатын оқушыларға беріледі.
"Бастапқыда
37 жеңімпаздың арасында екеніме
сене алмадым" - дейді Арайлым. "Бірақ
алтын ұям - мектебімнің маған берген
мүмкіндіктері мен терең білімінің,
бойыма сіңірген тұлғалық қасиеттерің
арқасында арманым шындыққа айналды.
Lester B. Pearson Scholarship иегері атану үшін айлар
бойы ұзақ еңбектендім. Әлемнің үздік
университетінде алған білімім мен
біліктілігімді елімнің дамуына жұмсағым
келеді",-деді
Мүсілім Арайлым.
Ол
үздік
аттестат үміткері, халықаралық IELTS
емтиханынан 7,5 балл, SAT емтиханынан 1400
балл алған. Академиялық жетістіктерінен
бөлек, қоғамдық іс-шаралардың белсенді
ұйымдастырушысы және қатысушысы.
Германияның Jacobs University оқу орнының грант
иегері, сонымен қатар, Назарбаев
Университетінің NUFYPET емтиханынан да
жоғары нәтижеге қол жеткізді.