Шымкенттік мектептердің бірінде оқушылар сол қолмен диктант жазады. Мектеп басшылығы бұл үрдісті балалардың ойлау қабілетін жақсарту үшін қолға алғандарын айтады, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.
Мамандар сол қолмен жазу оң жақ мидың жұмысын жақсартады дейді. Бұл балалардың жылдам ойлауын қалыптастырып, кез-келген ситуациялық жағдайдан шығуға жол табуына көмектеседі екен. Оқушылар сабақтан тыс уақытта 4 жылдан бері аптасына бір рет 15 минут сол қолмен диктант жазуды үрдіске айналдырған. Өзге мектептерде жоқ бұл дағдының оң өзгерістерін шәкірттер де байқап отыр. Оқушылар математика, химия, физика сынды күрделі пәндерден үлгерімдерінің жақсарып отырғанын айтады. Мектеп мұғалімдерінің айтуына қарағанда, мұндай тәжірибе бүгінде әлемге жеңіл өнеркәсібімен, медицинадағы жетістіктерімен танылған Үндістан мектептерінің бағдарламасына енгізіліпті.