Бұл туралы қалалық ПД Тергеу басқармасының бастығы Дәулеткелді Абдраманов мәлімдеді.
Полиция полковнигі хабарлағандай, жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы дүкеннен қару ұрлаған үш күдіктіні ұстады. Олардың екеуі елдің оңтүстік астанасында жалдамалы пәтерде тұрған, ал үшіншісі ескі достарында қонақта болғаны анықталды. Қару-жарақ дүкені тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан, ал жас жігіттер осыны пайдаланып, ұрлық жасауға шешім қабылдаған. Жігіттер дүкеннен қолына түскеннің бәрін алып, жасырыну мақсатында Шымкентке жол тартқан. Олар екі «Сайга» аңшылық карабины мен 70 оқ-дәріні сатып үлгерген. Жедел уәкілдер сатып алушыларды да анықтап, ұстады. Ал тирге арналған мылтықты жігіттердің бірі өзінде қалдырған.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 291-бабымен «қаруды жымқыру» СДТТБТ-не тіркелді. Күдіктілердің үшеуі де Түркістан облысының тұрғындары болып шықты. Қазір олар қамауда", - деді Абдраманов.
Департаменттің бас тергеушісі полиция қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруларды анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатқанын атап өтіп, заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын жеткізді.
2022 жылғы маусым-шілде айларында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, заңсыз айналымнан қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қаруды іздеу және алып қою бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкент және Тараз қалаларында қылмыстық топ залалсыздандырылды, олардан 3 тапанша, 2 бірлік "ақбөкен" мылтық карабині, 2 мылтық, пневматикалық тапанша, мылтық, сондай-ақ 64 оқ-дәрі тәркіленді.
Шымкент қаласында Алматыдағы Kamerad аңшылық дүкенін тонауға қатысқан өңір тұрғындары ұсталды. Олардың тұрғылықты жері бойынша 2 "ақбөкен-12с" мылтық карабині, пневматикалық мылтық және 71 оқ-дәрі тәркіленді.
Сонымен қатар, қала маңында "Калашников" автоматы, 2 тапанша, аңшылық мылтық, "Ф-1" гранатасы, жарылғыш құрылғыларға арналған 8 детонатор және 43 оқ-дәрі бар "схрон" табылды.
Заңсыз айналымнан барлығы 68 бірлік қару, 36 граната, 8 жарылғыш құрылғы, 1 529 оқ-дәрі тәркіленді.
Фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
Қару-жарақты заңсыз айналымнан іздестіру және алып қою жөніндегі іс-шаралар жалғасуда.