Шымкенттік шенеунік кейуананы өз креслосына отырғызып, мәселесін тыңдады

30 сәуір, 17:19

Шымкенттік шенеунік Марат Оразәлі батыр ананы кабинетінің төріне шығарып, ерекше құрмет көрсеткен. Бұл туралы Фейсбук желісінің белсенді қолданушысы Дастан Асқарұлы өз парақшасында жариялады, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Шымкент қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Марат Оразәлі қабылдауға келген батыр ананы өз орнына отырғызып, мәселесін тыңдады. Респект!",-деп жазды Дастан Асқарұлы өз парақшасында.

Мұндай мәрттік шенеуніктер арасында сирек кездесетінін жасырмауымыз керек. Марат Оразәлі бұл әрекетімен көпті тәнті етті.

Желідегілер бұл ақпаратқа "Бәрекелді", "Айналайын", "Тәрбие көрген азамат екен" деп пікір қалдырып, шенеунікке ыстық ықыластарын білдірген.