Шымкенттіктер сұлулық салонына қанша қаржы жұмсайды? (ВИДЕО)

13 қаңтар, 15:20

"Сұлулық - әлемді құтқарып қана қоймайды, сұлулық - құрбандықты талап етеді" деген бар. Жасыратыны жоқ, қазіргі қоғамда жұртшылық жаппай соңғы ұғым-сөзге "жан" бітірген. Тіпті бұл мақсатта сән салондарынан шықпай, сұлулық жолында құрбандыққа барып, инелі "татуаж" бен жасанды кірпіктер жасатуға көшкен. Тырнақ бояу немесе жалғау және тағы сол сияқты қадамдарды қоспағанда, көріктене түсу - түр-келбетін өзгерту үшін түрлі пластикалық ота жасатудан да жасқанбайтын болды.

Ал Сіз сұлулық салонына барасыз ба? Не мақсатты бұрыласыз? Және бір жолғы жасануда қанша қаржыңызды жұмсайсыз? Нәтижесі қандай?
Elitar.kz порталының кезекті әлеуметтік сауалнамасы дәл осы тақырыпқа арналмақ. Сонымен, сіз сұлулық салонына қанша қаржыңызды жұмсайсыз?