Кезінде Қазақстанда екі әйел алуды заңдастыру туралы мәселе көтерілгені белгілі. Бірақ көпшілік қолдамады. Алайда, бүгінгі таңда заңсыз-ақ көп әйел алушылық жиі орын алған. Ия, бұл мәселе –қоғамның емес, әр адамның жеке шаруасы... Дейтұрғанмен, мегаполистің ер азаматтарына бұл мүмкіндік туып жатса, қалталары неше әйел алуға көтерер еді? Elitar.kz порталының кезекті сауалнамасы осы тақырыпқа арналмақ.