Шымкенттіктер Мәди Биғалиевті ақтық сапарға шығарып салды

09 ақпан, 16:00

​Таңертеңнен бастап марқұм дәрігердің үйіне бару қиындай түсті. Барлығы танымал дәрігермен қоштасуға келгендер. Олардың арасында шенеуніктер мен журналистер, тұрғындар мен кезінде дәрігердің өзі өмірін сақтап қалған азаматтар бар, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

Бауыржан Абдулла Биғалиевке бүйректің зақымдалуы диагнозымен келіп түскен болатын. Бауыржанның айтуынша, оның екі бүйрегі жарамсыз болған екен. Облыс бойынша бүйректі алмастырып салу отасы алғаш рет осы ер кісіге жасалыпты. Ол отаны Мәди Ходжаұлының өзі жасаған.


"Негізі ешкім оң нәтиже күтпеп еді. Мәди Ходжаұлы ота жасау туралы ұсыныс айтты. Шыны керек, операцияны ол кісінің өзі жасайтынын алғашында білмедім. Нәтижесін өздеріңіз көріп тұрғандай, аманмын. Өкінішке орай, енді ол кісі жоқ. Жаратқанға менің өмірімді сақтап қалу үшін жіберген періштесі үшін алғысым шексіз",-деді Бауыржан Абдулла.


Айта кетерлігі, белгілі хирург көпшілікке өзінің ізгі жүрегімен есте қалды.

Автор: Шуддин Саидов